Маусымның 1-нен 24-не дейін
жазғы сауықтыру алаңының жұмысының
есебі.
Жаздың шуақты күндерімен бірге балалар лагерьлері де өз жұмыстарын бастады. Жазғы демалыс маусымы - балалар үшін ерекше қуанышты сәт. Балалардың демалысын тиімді өткізу және оларды лагерьмен қамту жыл сайын дәстүрге айналған шара.
Іс - шараларды ұйымдастыруына сәйкес «Қуаныш» суықтыру алаңы өз қызметіне мына бағыттағы іс - шараларды атқарды:
- Салауатты өмір салтына баулу;
- Эстетикалық тәрбие;
- Азаматтық - патриоттық және ұлттық тәрбие;
- Тәрбие беру - сауықтыру жұмыстары;
- Спорттық шаралар.
1 маусым күні «Бақытты балалық шақ» тақырыбында іс- шаралар ұйымдастырылып, «Қуаныш» сауықтыру алаңының ашылуына арналған салтанатты сап жиыны өткізіліп, «Халықаралық Балаларды қорғау күні» мерекесіне арналған іс- шараларды тамашалауға «Балалар мерекесі» атты көңілді ойындар өткізілді.
Оқушылардың демалысын қызықты өткізу мақсатында әр күн ерекше, қызықты тақырыптарға байланысты іс - шаралар жан-жақты ұйымдастырылды. Патриоттар күні «Рәміздерді құрметтейік!», Қоршаған орта күні «Табиғатқа саяхат», Денсаулық күні «Дұрыс тамақтану – денсаулықтың кепілі», «Көңілді мәрелер» спорттық жарыстар, суреттер жарысы балаларды өте қызықтырды.
4 маусым күні «ҚР Рәміздер күніне» арналған мерекеге байланысты оқушылармен танымдық тәрбие сағаты жүргізілді. Тәрбие сағатының мақсаты оқушылардың патриоттық сезімін ояту, отанды сүю, адамгершілік қасиеттерін дамыту. Тәрбие сағаты Әнұранмен басталып, Ту мен Елтаңба бейнелерінің нені білдіретіні түсіндірілді. Сабақ соңында тақырыпқа байланысты сурет байқауы өтті.
Жазғы спорттық іс-шаралар өтілуде. Дене шынықтыру мұғалімдері және бастауыш сынып мұғалімдері оқушылармен қызықты қоғзалмалы ойындар, көңілді мәрелер сайыстары, сол сияқты лапта, волейбол, пионербол, футбол, ойындарынан ойнатуда. Оқушылар аймақтық лапта ойынына қатысты. Пионербол және волейбол ойыны біздің мектепте өтті. Оқушыларымыз аудандық кезеңге өтті. «Туған жер» бағдарламасы аясында оқушыларымыз Петропавл қаласында тариха өлкетану мұржайына барып, өздерінің туған жерлері туралы көптеген ақпарат алды. «Кітаптар әлеміне» саяхат жасады.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау