Меню KDT

Блог руководителя

введите текст

Білімді ел

BILIM land

block2_eop.png?_=1495529725
<

 введите текст 

введите текст

Мектепалды даярлық топ және «Балбөбек» шағын орталық арасында «Ғажайыпстанға саяхат» атты апталық

Мектепалды даярлық топ және «Балбөбек» шағын орталық арасында «Ғажайыпстанға саяхат» атты апталық

 

 2017 жылы 17-21 сәуір  аралығында мектебімізде  мектепалды даярлық топ және «Балбөбек» шағын орталық арасында «Ғажайыпстанға саяхат» атты апталық болып өтті.

Апталықтың мақсаты: Жаңа әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, балалардың танымдық іс-әрекеттерін дамыту.

Апталық мынадай жоспарда құрылды.

  1. Ғажайыпстанға саяхат. Апталықтың ашылуы
  2. Қоршаған орта әлемі
  3. Театр әлемі
  4. Ойнайық та ойлайық. Танымдық іс-әрекет
  5. Апталықтың жабылуы.

  Апталықтың ашылуында балаларға бір апта бойы оларды қандай қызықтар күтіп тұрғаны туралы презентация арқылы көрсетілді. Онда Айдос пен Аяжан Білімпаз атадан хат әкеледі. Ол хатта Білімпаз ата балаларды қонаққа шақырып жатқаны айтылады. Балалар қызығушылықпен қатысып берілген тапсырмаларды орындады.

Қоршаған орта әлемінде тақырыпқа сай ашық ұйымдастырылған сабақтар өтті.

Бекжанова Г.Т кіші топпен сөйлеуді дамыту пәнінен   «Көктемгі гүлдер» тақырыбына ұйымдастырылған оқу іс әрекеті ойын түрінде көрсетсе, Жолдыгарина Б.Ж. қоршаған ортамен таныстыру пәнінен «үй құстары мен дала құстары» тақырыбына өткізді. Ұйымдасқан оқу-іс әрекетінде балалар  үй және дала құстарын салыстырып ортақ қасиеттерін таба білді, тәжірибе, ойын және топпен жұмыс әдіс-тәсілдерін қолданылып сабақ қызықты өтті. Конуспаева И. К жаратылыстану пәнінен, Смагулова К.Ө экология негіздері пәнінен сабақтар көрсетті. Ашық ұйымдасқан іс әрекетке тәрбиешілер, мектеп әкімшілігі қатысып, талдау жасалып, жақсы баға берілді.  Сонымен қатар  сыныптан тыс шаралар өтті. Есматова А.Қ балалары  «дос іздеген бота» атты ертегі қойылымын сомдады. Балалар қызығушылықпен өз кейіпкерлерінің рөлін ойнай білді. Ата-аналардың көмегімен ертегіге костюмдер дайындалды. «Жұлдызды сәт» танымдық интелектуалды марафонды  Гарипова Б.М қызықты әрі тартымды етіп өткізді. Балалар «алғыр» және «тапқырлар»  тобына бөлініп жарысты. Бұл марафонда  шығармашылықпен  жұмыс жасап белсене қатысты. Әділ қазылар балалардың еңбегін бағалап диполммен мараппатады.

  Аптаның соңғы күні тәрбиешілер өз тобында қорытындылап  шағын концерт ұйымдастырылып    белсенді балалар мадақталды.  

 

 


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь