Меню KDT

Блог руководителя

введите текст

Білімді ел

BILIM land

block2_eop.png?_=1495529725
<

 введите текст 

введите текст

«Қазақтың қара алтынын өрлетейік, табиғатты тал бесікте тербетейік» атты жаратылыстану бірлестігінің апталығы

«Қазақтың  қара  алтынын  өрлетейік, табиғатты  тал  бесікте  тербетейік» атты

жаратылыстану бірлестігінің апталығы

2017 жылдың 10-15 сәуір аралығында жаратылыстану бірлестігінің апталығы өтті. Апталықтың негізгі мақсаты,  жаратылыстану пәндері сабақтарында білім берудің жаңа технологияларын  қолдану арқылы оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыруды көздеді. Апталықтың ашылу салтанаты «Құстар айлығымен» тұспа-тұс келгендіктен оқушыларға құстар туралы қызықты видеоролик ұсынып, оқушыларға апталыққа белсене қатысуларын насихаттады.Оларға география, биология және химия пәндерінің адамзат тіршілігіндегі маңыздылығына тоқталды.

          Апталық барысында физика пәнінің мұғалімі Т.Е.Бигельдиновтың  «Физика және ғылыми-техникалық прогресс», З.К.Ахметжанованың «Механикалық жұмыс», химия пәнінің мұғалімі Н.Жанимханның «Натрий және оның маңызды қосылыстары», география пәнінің мұғалімі А.Ж.Базкенованың «Еуразия материгінің табиғат зоналары» ашық сабақтары көрсетіліп, «ХХІ ғасыр көшбасшысы», «Қызықты химия» сыныптан тыс  сабақтары өтті.

        Физика пәні мұғалімі Т.Е.Бигельдиновтың 11»Ә» сыныбында «Физика және ғылыми-техникалық прогресс» тақырыбымен өткен ашық сабағында, оқушылармен  ғылыми-зерттеушілік жұмыс жүргізді. Оқушылардың баяндамалары, зерттеу жұмыстары презентация арқылы қортындыланды. Жалпы сабақ жақсы деңгейде өтті. Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтары, ізденістері бірден байқалды.

         География пәнінің мұғалімі А.Ж.Базкенова ««Еуразия материгінің табиғат зоналары» ашық сабағында оқушыларға Еуразия материгінің табиғатының алуан-түрлілігін интербелсенді тақта арқылы көрсетіп, денотаттық графикалық сызба, суретті диктант арқылы сабақты бекітті. Сабақ барысында қолданылған видеороликтер оқушылардың қызығушылығын арттырды.

        Физика пәнінің мұғалімі З.К.Ахметжанова 7 «А»  сыныбында өткен «Механикалық жұмыс» атты сабағында оқушыларға жаңа тақырыпты интербелсенді тақта арқылы түсіндіріп, түрлі деңгейдегі тапсырмалар орындау арқылы сабақты бекітті. Зәуреш Кожиновнаның сабағында оқушылар сабаққа өте белсенді қатысты. Деңгейлік тапсырмаларды жылдам орындап, өз білімдерін көрсете білді.

         2017 жылдың 14 сәуірінде 8 сыныптар арасында « ХХІ ғасырдың көшбасшысы» атты интеллектуалдық ойыны өтті. Сайыста  жаратылыстану пәндерінен түрлі деңгейдегі тапсырмалар орындалды. Бұл сайыста өзінің алғырлығы мен білімін 8 «А» сыныбының оқушысы Ербұлан Манап іс жүзінде дәлелдеп, «Ең жүйрік» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды.

        «Ең тапқыр» номинациясында Айым Амангелді жеңіп, ал «Ең белсенді» номинациясын Саят Омаров жеңіп алды. Осы кеште Н.Жанимхан оқушыларға қызықты эксперименттер көрсетіп, оқушылардықызықтыра білді. Нұрсұлтан Жанихан көрсеткен тәжірибелер жоғары деңгейде өтті.


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь