1 Мамыр «Қазақстан халықтарының бірлігі» күні қарсаңында 28- сәуір күні «ЫНТЫМАҚ, БІРЛІК, КЕЛІСІМ – ЕҢ БАСТЫ БАЙЛЫҚ ЕЛ ҮШІН» атты тақырыпта мерекелік іс- шара өткізілді. Қазақстан Республикасында қазіргі таңда 130-дан астам ұлттар мен ұлыстар мекендейді.Тарих көшінің белгілі бір кезеңінде тағдыр тауқыметін арқалап, сол саясаттың құрбанына айналып, елімізге келіп қоныстанған ұлттар мен ұлыстар үшін қазақ жері киелі алтын бесікке айналды .Мерекелік шара салтанатты жиын түрінде өтті. Аталған жиынға барлық мектеп оқушылары қатысып елімізде тұратын өкілдердің мәдениеті, салт-дәстүрлері, әдет ғұрыптары туралы мәліметтерді баяндады және бейнетаспа арқылы көрсетті.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау