1 мамыр – Қазақ халықтарының ынтымақтастығы мен бірлігі күні
«Бірлік болмай тірлік болмас» деген атам қазақ. Берекені көздеген ел мерекелі тірлік жасаудан жалықпаған. «Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын ұстанған ел үшін бұл мейрамның орны ерек. Жыл сайын атаулы мерекеде Қазақстан аумағында тұрып жатқан 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері киелі қара шаңырақта тату-тәтті, береке мен бірлікте, бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп жатқандығын тойлайды. Осы ретте біздің «Парасат» мектеп – лицей ұжымы Қазақстан халқы 1 мамыр ынтымақ пен бірлік күнін аудандық алаңда тойлады. Бір шаңырақ астына шоғырланған әрбір ұлттық-мәдени орталықтар мерекеде ән айтып, би билеп, жалпыхалықтық мейрамда дәстүр мен салтқа толы түрлі көріністер көрсетіледі. Халықтың көңіл-күйін көтеру үшін түрлі спорттық жарыстар ұйымдастырылады. Біздің мектеп ұжымы да «Тымаққа салу» дәстүрін көрсетіп, «Асық ату» ұлттық ойыны ойнатты. Бірлігіміз жарасып, еліміз тыныш болып, ұлт демей, басқа демей татулықта, бейбіт өмірде күн кешейік.Жаңалықты мекеменің сайтында қарау