Мақала
Биыл, Қазақстан Республикасы қарулы күштерінің құрылғанына 25 жыл. Тәуелсіздік алғаннан кейін 1992 жылдың 7 мамырында сол кезге дейін Мемлекеттік қорғаныс комитеті болып келген орган Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі болып қайта құрылды. Ата – бабамыз мұра ретінде қалдырған ұланғайыр жерімізді бүгінде ержүрек ерлер қорғап келеді. Отан қорғаушы! Қандай қасиетті де құдіретті сөз. Өзін ер-азаматпын деп санайтын кеудесінде намысы, жүрегінде оты бар әрбір жан үшін ең басты парыз, ең басты адами міндет – осы. Президентіміздің: «Патриоттық рух бізге ауадай қажет», деген сөзі ақиқат. Өйткені, отаншылдық рухы қай заманда да қазақ халқының бойындағы айрықша қасиет болып табылған.
Сондықтан біздің бүгінгі күнгі басты мақсатымыз – өскелең ұрпақтың патриоттық сезімдерін нығайтып, ғибрат аларлықтай, үлгі тұтарлықтай, ержүрек, намысшыл, адал, қайсар мінезді азаматтар тәрбиелеу. Осы орайда біздің мектебімізде Отан қорғаушы күні 7 мамыр да арнайы аталып өтеді. Сондай- ақ мектебіміздің оқушылары аудандық , облыстық іс- шараларға да белсенді ат салысуда. Айтулы мерекеге қатысты аудандық білім бөлімінің «Қарулы күштерге – 25 жыл» атты шығармалар сайысына 8 «а» сынып оқушысы Манап Ербұлан қатысып, 2 орынға ие болды. Ербұлан шығармасында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің негізін қаланып, биік белестерге бастап, еліміздің шекарасын , қауіпсіздігін бекемденуін арқау етті. Соның арқасында Қарулы Күштеріміз аймақтағы тұрақтылық кепіліне айналғандығы сөз болды.
Сондай – ақ еліміздің бүгінгі елеулі оқиғалардың бірі және бірегейі болған , Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанының 72 жылдығына орай ұйымдастырылған, 2017 жыл 3 мамыр күні өткен, облыстық «Оқыған адам – табысты адам» атты мәнерлеп оқу сайысына мектебіміздің 8 «А» сынып оқушысы Бердентегі Қуаныш қатысты. Қуаныш Сырбай Мауленовтың «Тыңда, дүние, тыныштық үнін» атты өлеңін оқып, оза шығып, 1 орынға ие болды. Бұл - халқымыздың ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгілік қалатын күн. Ұлы Отан жеңісі арқылы болашақ ұрпақты Отанын сүюге, елінің, жерінің адал патриоттары болуға тәрбиелейміз.
Оқу ісі меңгерушісі: Аяпбергенова Әсем Сайранқызы
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау