19 мамыр күні «Парасат» мектеп – лицейінде педагог- психологтарға арналған облыстық семинар өтті. Бұл семинарға 21 мұғалім, облыс көлемінде аудан мектептерінің психологтары қатысты.
Тюлюп Рашида Темиртасқызы «Психологиялық ахуал орнату» мақсатында қатысушылармен тренинг өткізді. Марат Нұрбағытұлы «Психология жайларды ұзақмерзімді, ортамерзімді және қысқа мерзімді жоспарлау үдерісі» бойынша өз іс тәжірибесімен бөлісті. Топтық жұмыстар арқылы жоспарлау үдерісін аша білді. Бахыт Төлеуқызы «Тиімді кері байланыс – білім беру мазмұнын жаңарту аясында оқушылардың оқу жетістігі» тақырыбында және қазақ тілі пәні мұғалімі Кулатаева Анар Жаксылыкқызы «Оқушының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру және дамыту: мәселелері және оларды шешу» тақырыбында шеберлік сабақтарын өткізді.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау