Тарих апталығы
16 - 21 қаңтар аралығында тарих бірлестігінің апталығы өтті. Тарих әдістемелік бірлестігінің жетекшісі С.А.Адильбекова оқушыларды жоспар бойынша апталық кезінде өтетін ашық сабақтар, сайыстармен таныстырды. 17 қаңтар күні 5-6 сыныптар аралығында «Қазақстанның тарихи жәдігерлері» атты сурет көрмесі және 7-8 сыныптар аралығында эссе сайысы өтті. 18-і күні тарих пәні мұғалімдерінің ұйымдастаруымен 8 а,ә,б сыныптар аралығында «Тарих қадамдары» атты интелллектуалды сайысын өткізді. Сайыс 10 бөлімнен тұрды, «Нұрлы жол», «Мәңгілік ел», «Болашақ» атты үш топ қатысты. Сайыста әр топ өз білімдерін жан-жақты көрсетіп, «Нұрлы жол» тобы жеңіске жетті. 9а, ә сыныптары арасында өткен «Алаш арыстары» атты дөңгелек үстелдің мақсаты: Алаш қозғалысына 100 жыл толуына байланысты елінің азаттығын аңсаған ұлт зиялыларына тоқтала отырып, оқушылар бойына патриоттық сезімді ұялату. Алашордашылар туралы видео көрсетіліп, оқушылар өз пікірлерін ортаға салды. Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойына байланысты 9-10-11 сыныптар арасында «Абылай заманы» атты театрландырылған сахналық көрініс өтті. Қазақ елінің тәуелсіздігіне үлес қосқан ханның бірі осы Абылай хан деп айтсақ артық болмас. Әр оқушы өз рөлдерін өте жоғары деңгейде көрсете білді. Бұл көрініс арқылы барлық оқушы бойында еліне, жеріне деген махаббатын оятып, әрқашан өз елін-жерін қорғай алатын тұлға қалыптастыру болды.
Абылай заманы» театрландырылған көрініске қатысқан оқушылар
№ |
Оқушының аты - жөні |
Сынып |
Ойнаған рөлдері |
1 |
Айтенова Алия |
7ә |
Бәйбіше |
2 |
Жүсіпбеков Рахат |
9ә |
Абылайдың жас кезі |
3 |
Төлегенов Дидар |
9ә |
Тұтқын |
4 |
Ханафин Мақсат |
9ә |
Тұтқын |
5 |
Қайсаров Дамир |
9ә |
Тұтқын |
6 |
Мұхамеджанов Кенесары |
10а |
Қытай императоры |
7 |
Жандосов Олжас |
10а |
Күзетші, Жоңғар батыры |
8 |
Сатыбалды Қалжігіт |
10а |
Жоңғар батыры Шарыш |
9 |
Манап Наурызбай |
10а |
Бұқар жырау |
10 |
Қосман Алишер |
10а |
Батыр |
11 |
Молдахмет Мерей |
10ә |
Қытай императорының уәзірі, батыр |
12 |
Мұхымтаев Абдужапар |
11а |
Абылай хан |
Сонымен қатар апта бойы мектеп музейіне саяхат жүргізіліп отырылды. Апталық қорытындысы бойынша белсене қатысқан оқушылар мектепішілік мадақтамамен марапатталды.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау